Вице-премьерден диетологқа дейін: Жұманғарин қазақстандықтардың пайдалы балық өнімдерін аз тұтынатынын айтты

Жарияланды
Жұманғарин балық
Жұманғарин қазақстандықтардың балық өнімдерін мерекелік дастарханға ғана пайдаланатынын айтты / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Пермьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандықтардың пайдалы саналатын балық өнімдерін аз тұтынатынын айтты. Вице-премьер сұраныстың төмен болғанына қарамастан, елді балық өнімдерімен қамту деңгейін алдағы уақыттарда 70-80%-ға жеткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Жұманғарин Үкіметтің балық өнімдеріне қатысты барлық жобаға қолдау көрсететінін, оған қаражат жеткілікті екенін айтты. Жалпы Үкімет балық өнімдеріне қатысты 11 жобаға қолдау көрсетіп жатыр. Соның ішіндегі ең ірі жоба – Құрықта ашылады.

«Жалпы балыққа қатысты елімізде бір қызық жағдай қалыптасып отыр. Бізде тапшылық болғанына қарамастан, балық өнімдеріне сұраныс аз. Көріп отырғанымыздай, балық өнімдері тек мерекелі дастарханға қосымша тағам ретінде жүреді. Өте пайдалы өнім, өкіншітісі, қазақстандықтардың рационында лайықты орын таппаған. Соған қарамастан, алдағы уақытта импортқа тәуелділікті төмендетіп, балық өнімімен қамту деңгейін 70-80%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,- деді.

Сонымен бірге Жұманғарин қазақстандықтардың сапалы ет тұтынуы қажет екенін айтты. Тіпті шұжық өнімдерінде қазақстандықтардың көбінде сапалы етке мән беретінін, ал көрші ел Ресейдің өндірісте сүтті фабрикалардан артылған сапасы төмен еттерді пайдаланатынын айтты.

«Бізде сонымен бірге шұжық өнімдеріне импортқа тәуелділік бар. Бұл ұлттық тағамдық артықышылықтарға да байланысты. Қазақстандағы шұжық өндірушілер негізінен шұжықты сапалы еттен жасайды. Бізде шұжыққа қатысты жобалар көп»,- деді Жұманғарин.

Вице-премьер көрші ел Ресейдің негізінен шұжыққа арзан етті қолданатынын атап өтті. Арзан ет әдетте сүтті тауарлы фермаларда пайдалануға жарамсыз деп тапқан жануарлардың етінен өндіріледі. Сонымен бірге мұндай арзан етті әдетте Оңтүстік Америка елдері, Аустралия, Белорусия экспортқа шығарады.

«Ал біз басқа жолмен жүреміз. Шұжықтарға сапалы етті қолданамыз. 2025 жылы Түркістанда Аустралия тәжірибесі негізінде мал шаруашылығы кластерін құруды жоспарлап отырмыз. Бұл елде сапалы ет бағасының арзандауына жол ашады. Жалпы өз еліңде сапалы ет жеген дұрыс»,- деді вице-министр.

Айта кетейік, жиында Ауыл шаурашылық министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанның небары 5-ақ азық-түлік түрі бойынша ипортқа тәуелді екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз