«Бәріне кінәлі – «ҚазҚСҒЗИ». «ҚазАвтоЖол» монополияға қарсы агенттік таққан айыптарға жауап берді

Жарияланды
ҚазҚСҒЗИ»техникалық құрал-жабдықтардың нақты маркасы мен өндірушілерін бекітуді талап етеді/фото: shutterstock

«ҚазАвтоЖол» Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәлімдемесіне қатысты жағдайға түсініктеме берді. Бұл орган ұлттық компанияны тексермелеу құрал-жабдықтары нарығында бәсекелестікті шектеп отыр деп күдік келтірген болатын.

«ҚазАвтоЖол» бұл айыппен келіспейді. Өйткені көліктерді өткізу пунктерін орналастыруға арналған жобалық-сметалық құжат «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның құрылыста баға белгіленім жинағына сәйкес әзірленген.

«Бұл жинақта құрал-жабдықтардың маркасы көрсетілген шифрлар позициясы берілген. Әзірленген жобалық-сметалық құжат мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан (Мемлекеттік сараптама) өткен», – дейді «Қазавтожол» баспасөз қызметі.

Ұлттық компанияның айтуынша, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ 2021 жылан бастап жобалық-сметалық құжаттың әзірлеушісі болып келеді.

«Қоғам бірнеше мәрте «ҚазҚСҒЗИ-ға» құрал-жабдықтың нақты атауы мен маркасы неге көрсетілгенін сұрап ресми хат жолдады. Бұл позицияларды жалпы техникалық сипаттамаларға ауыстыру жөнінде ұсыныс та жіберді. Мұндай шаралар тексермелеу құрал-жабдықтары нарығында бәсекелестікті шектеуден аулақ болуға мүмкіндік беруші еді», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Ұлттық компанияның мәліметінше, «ҚазҚСҒЗИ»техникалық құрал-жабдықтардың нақты маркасы мен өндірушілерін бекітуді талап етеді. Сондықтан бұл ұсыныстары жүзеге аспаған. «Қазавтожол» монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықты болдырмау үшін барлық қажетті шараларды жасап жатқанын алға тартады.

Сондай-ақ оқыңыз