Батыс мәдениеті «көшпенділер қолдарынан ештеңе келмейтін дөрекі жабайы болған» деп сендіріп келді – Ғабит Бекахметов

Жарияланды
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Дьюк университетінің түлегі, білім саласындағы сарапшы Ғабит Бекахметов nFactorial подкастында қазіргі қазақтар туралы пікір білдіріп, көшпенділер  рухы жоғалып бара жатқанын айтты.

«Біз Қытай және Ресей императорларының арманын орындадық. Олар қазақтардың отырықшылыққа көшіп, қарапайым болғанын, әлсіз қала тұрғындары болғанын армандады», – деді Ғабит Бекахметов.

Оның пікірінше, Батыс мәдениеті ұзақ жыл бойы азаматтарға «көшпенділер қолдарынан ештеңе келмейтін дөрекі жабайы болған» деп сендіріп келген.

Оның айтуынша, болашақ Илон Масктер қазір ауылда жүр.

Ғабит Бекахметов – Duke University и Oxford University түлегі, білім саласындағы сарапшы. Бірнеше кітаптың авторы. 10 инновациялық мектепті іске қосқан.

Сондай-ақ оқыңыз