Қуандық Бишімбаевты сотта қорғаған адвокат Ерлан Ғазымжанов Адвокаттардың республикалық алқасынан «Кәсіби біліктілігі үшін» медаль алды.
«Қазақстан адвокатурасы күні кәсіби біліктілігі үшін медалін алдым. Бұл марапат мен үшін күш-жігерім мен жетістігімді тану белгісі ғана емес, адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау жолында шабыт береді», – деп жазды Ғалымжанов инстаграм парақшасында.
Әріптестері тарапынан құттықтаулар көп келіп түсіп жатыр.
Бір қызығы, адвокатқа медальді Салтанат Нүкенованың адвокаты болған Игорь Вранчев тақты. Бейнежазда медальға ұсынған Игорь Вранчевтің өзі болғаны байқалады.
Бұл адвокаттар Қазақстанның бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені үшін өткен сотта екі тараптың құқығын корғаған болатын. Қылмысы дәлелденіп, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.