Жаңалықтар

Атырауда сібір күйдіргісінің таралу қаупіне байланысты ет сатылатын базар жабылды

ет
Атырауда сібір жарасының таралуынан ірі базар жабылды/ фото: kursiv.media

Атырауда күйдіргінің таралу қаупіне байланысты базар жабылды деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Ет өнімінде ауру белгілерінің болуы экспресс-тест арқылы расталды.

Қаладағы ірі «Дина» базары жұмысын уақытша тоқтатты. Мамандар ет сататын павильонды залалсыздандыруға кірісті.

Санитарлар сауда орындарын қайталап тексеру барысында аурудың белгілерін анықтаған. Экспресс-тест эпидемиологтардың күдігін растады. Дегенмен зерттеудің соңғы нәтижесі бірнеше күн ішінде белгілі болады.

«Бұған дейін басқарма мамандары ет сататын 65-тен астам сауда орнын тексеріп, барлығы 700-ден астам сынама алынып, олардың барлығында қайта тексеру кезінде алынған сынамалар республикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жіберілді », – деді департамент.

Облыста екі адам қауіпті кесел салдарынан көз жұмған. Қараша айында жабылған мал базарында үш сиыр өлген.