Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталар сатылатынын хабарлады
Қазақстан Ұлттық банкі жаңа монеталарды айналымға қосты. Келесі аптаның сейсенбісінен бастап коллекциялық мыс монеталар банктің интернет-дүкені арқылы сатыла бастайды.
«Қазақстанның жер қойнауы» сериясы бойынша шыққан теңгелер елдің қазба байлығының молдығын көрсетеді.
«Cu (мыс) – «Қазақстанның жер қойнауы» монеталарының жаңа сериясын ашады. Бұл серия Қазақстанның жер байлығын ашуға арналған. Оның аясында Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бөлшектері бар, жаңа технологиямен күміс монеталарды әзірлеу жоспарланған. Монета дизайнында Менделеев кестесі мен Cu (мыс) химиялық элементінің айшықталған бөлігі ұсынылып отыр», – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Күміс монаталар таралымы – 1000 дана. Номиналы – 1000 теңге. Салмағы – 32,9 грамм.
ҰБ мыс монеталарды төлем ретінде есеп айырысуға, банк шоттарында сақтауға және айырбастауға болатынын ескертті.
«12 желтоқсаннан бастап Қазақстан ұлттық банкі интернет-дүкенінде айналысқа шығады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды», – деп мәлімдеген ҚҰБ Қорларды талдау және жоспарлау басқармасының бас маманы Әсел Ақтілеу.