Қазақстанның Қарулы күштерінің қару-жарақ пен әскери техника (ҚӘТ) қабылдау тәртібі өзгереді. Осыған байланысты Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізілмек. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау тәртібін, оның ішінде міндетті рәсімдерді жүргізуді жеңілдету, құқықтық олқылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою көзделген.
Табиғи ортада, полигондарда немесе Қарулы Күштерінің мекемелерінде, қалалық, далалық жағдайда, теңізде (өзенде, көлде, суқоймасында және сынақ бассейінде) техниканы тәжірибе жүзінде пайдаланғанда кемінде бес жұмыс күні жеткілікті деп есептелінеді.
Одан бұрын тәжірибелік әскери пайдалану кезінде істен шыққан ҚӘТ-ті пайдалануға рұқсат берілген. Бұйрық жобасында қолдану мерзімі шектелді, қарау-жарақ пен техниканы әрі қарай үш рет сынақтан өткізуге болатыны нақты жазылды.
Ведомствоішілік кеңесші орган құзіреті кеңейді. Бұған дейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерді қаруландыру мәселесін қарастырса, жаңа 41-тармаққа сай енді Шанхай ынтымақтастық ұйымына қару-жарақ беру жайын да талқылайды.
2025 жылы Қазақстанның қорғаныс шығындары 666 млрд теңгеге немесе жалпы ішкі өнімнің 0,68%-на дейін өспек. Алайда мәжілісмен Бапи бұл елді 2030 жылға қарай тұтануы мүмкін «болжам соғысқа» дайындау үшін жеткіліксіз деп есептеді.