Алматыда бір топ жамағат намаз оқу үшін жолдың жүру бөлігін жауып тастады. Бұл әрекетке наразы болған тұрғындар полицияға шағымданды.
Алматы көшелірінің біріндегі жолдың бір бөлігін жауып тастап, жамағатпен құлшылық жасағандарға полиция келіп «жол қозғалысы ережелерін» түсіндірген. almatinec_life02 Instagram парақшасында жарияланған видео кадрларынан жиырмаға жуық ер адамның жол бойында намаз оқып жатқанын байқауға болады. Автордың мәліметінше, видео жұма күні Алматы орталық мешітінің жанында жұма намазы кезінде түсірілген.
Алматы полициясы Kursiv.Media-ға бұл Медеу ауданындағы орталық мешіттің жанында бір күн бұрын болғанын мәлімдеді.
«Азаматтардың хабарламасы бойынша жол қауіпсіздігін үйлестіру үшін полиция қызметкерлері келді, олар құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ер адамдарды жол-қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Полиция тексеру жүргізеді. Кез келген құқыққа қайшы әрекеттер жауапкершілікке әкеп соғады», — деп хабарлады Алматы ПД.
Айта кетейік, биыл мамыр айында Шымкент мешітінде әртүрлі мазhабтың өкілдері төбелескен болатын. Өзге өңірден келіп, жамағат намазын бұзған жігіт жергілікті намазханнан таяқ жеген еді. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының мәліметінше, өзге мәзһабта намаз оқыған бір топ адам имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған.
Сондай-ақ сыра ішіп көлік айдаған Қостанай облысының бас имамы 15 тәулікке қамалған болатын.