Жаңалықтар

Қазақстанда студенттер әскери кафедраға e-Gov арқылы өтінім бере алады

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери дайындық ережелеріне өзгерістер енгізілмек.

Осының нәтижесінде әскери оқу орындарына қабылдау жүйесін цифрландыру көзделген. Соған байланысы орган өтінімді e-Gov арқылы беруге болатынын қаперге салады.

«Мақсат – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарының цифрлық форматтағы оқу орындарына қабылдану және қайта оқу мәселесі бойынша күнделікті қызмет процестерін мемлекеттік қызмет санатына көшіру», – деп түсіндіреді министрлік.

Ведомство «Ашық НҚА» құжатында бұйрық жобасын жариялады. Соған сай «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талдауға болады. Құжат 20 желтоқсанға дейін порталда тұрады.

Қорғаныс министрлігі жаңа шарттардың тиімділігін атап өткен:

  • Бұйрық жобасы бюрократизацияны жоюға;
  • ҚР азаматтарының және әскери оқу орындарының әскери қызметшілерінің еңбек шығындарын азайтуға,
  • Министрлікке қарасты әскери оқу орындарына қабылдау, ауыстыру және қалпына келтіру үдерісін ауыстыруға мүмкіндік береді.

Құжатта студенттерді әскери кафедраға қабылдауды жетілдіру мәселесі қарастырылған. Студенттер үш конкурстан өтеді.

  • кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
  • дене шынықтыру дайындығын тексеру;
  • рейтингілік балл бойынша конкурстық іріктеу.

«Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш береді», – делінген құжатта.