Алматы облысында туристік жолмен жүруге шектеу енгізілді
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                                    
                
                            
«Қазавтожол» Алма-Тау турбазасына кіреберіс жолымен жүруге тыйым салынғанын ескертті. Күн райының бұзылуына байланысты автокөлікпен жүру қауіпті деп саналынады. 9 желтоқсанда таңмен ғана трассаны ашу жоспарланған.
«2024 жылдың 8 желтоқсанында сағат 03:00-де Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алма-Тау турбазасына кіреберіс» республикалық автожолының 0-15 шақырым аралығындағы (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады», – деп хабарлады компания.
Қараша айында да жолда қозғалыс шектелді. 24 қараша күні Жетісуға баратын бағыт жабылған.