Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды

Жарияланды (жаңартылды )
Оңтүстік Кореяда экс-қорғаныс министрі тұтқындалды/ фото:Yonhap

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хен мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ол президент Юн Сок Ёлдің әскери жағдай жариялауына қатысты тергелуде. Бұл туралы 8 желтоқсанда Yonhap агенттігі хабарлады.

«Бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хен дереу қамауға алынып, оның қолындағы ұялы телефоны да тәркіленді», – деп жазды басылым.

Экс-министрге басқа да ауыр айыптар тағылған. Оның өлім жазасына кесілуі де мүмкін екені айтылған.

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысының әлеуметтік желідегі парақшаларындағы күдікті әрекетіне байланысты тәртіп сақшылары оны заттай дәлелдемелерді жоймақ болғанын алға тартты.

Ким Ён Хенге қатысты тергеуді Ұлттық полиция агенттігінің Ұлттық тергеу басқармасының қауіпсіздік тергеу тобы жүргізіп жатыр.

Сеулде Ким Ён Хён мен президент Юн Сок Ёлдан басқа, әскери жағдай қолбасшысы армия штабының бастығы Пак Ан Су мен ішкі істер министрі Ли Санг Минге айып тағылды.

7 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның басқарушы Азаматтық билік партиясының төрағасы Хан Дон Хун Корея президенті Юн Сок Ёлдың отставкаға кететінін мәлімдеген. Хан Дон Хунның айтуынша, президент отставкаға кеткенге дейін іс жүзінде қызметінен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыз