«Қазақстан барысы» қазақ күресі турнирін ұйымдастырған компания банкрот деп танылды
Қаржы министрлігі банкрот деп танылған компаниялар тізімін жариялады. 3000-ға жуық ұйым арасында «Қазақстан барысы» қазақ күресі турнирін ұйымдастырған «Қазақстан барысы Advertising» ЖШС да бар.
Аталмыш компания үстінен 2023 жылы турнирге бөлінген 1 млрд теңгеден аса қаржыны жымқырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған болатын.
Қаржы мониторингі агенттігі сол кезде компания басшылары 2016-2019 жылдары жалған шот-фактура жазып, бюджет қаржысын жымқырды деп мәлімдеген.
«Қазақстан барысы» турнирінің бас ұйымдастырушысы – қоғам белсенді Арман Шораев. Осы іс қозғалғанда ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің ақ екенін жазған.
«Қазақстан барысы Advertising» компаниясы 2023 жылы құрылған. Бас директоры да, құрылтайшысы да – Жасұлан Мұсабеков деп көрсетілген. Ақмола облысында тіркелген компанияның қызмет бағыты «өнер, ойын-сауық және демалыс» деп жазылған.
Компания 2021 жылдан бері салық төлемеген. Мемлекеттік салық комитетінің мәліметі бойынша, компания мойнында 318 млн теңге салық қарызы бар.