Қазақстанда желісі жақсы дамыған ірі 10 дәріхана
Қазақстандағы дәріханалар нарығы – денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бөлігі. Еліміздегі дәріханалар желісі жақсы дамыған, әсіресе, ірі қалаларда бірнеше ірі дәріханалар желілері бар.
Ірі дәріханалар
2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ең ірі дәріхана желісі – BIOSFHERE, ZERDE-PHARMA және RAUZA-ADE болып отыр. Биылғы жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша ең ірі дәріхана желісі 407 дәріханаға ие және жалпы тауар айналымының 7,8% құрайды.
Импортқа тәуелділік
Қазақстан дәрі-дәрмектердің көп бөлігін импорттайды. Ресей, Үндістан, Қытай және Еуропа елдерінен дәрілер жеткізіледі. Бұл ішкі нарықты сыртқы факторларға тәуелді етеді, соның ішінде валюта бағамының өзгеруі мен халықаралық жеткізу тізбегіндегі үзілістер. 2024 жылдың 9 айындағы мәлімет бойынша дәрі-дәрмектің 86,9%-ы импорттық тауар.
Жергілікті дәрі-дәрмек өндірісін дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отыр. СК-Фармация сияқты ұлттық операторлар отандық өндірушілерді қолдауды көздейді. Бұл қадам импорттық тәуелділікті азайтып, дәрі-дәрмек қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Алайда осыған қарамастан, импорттық тауарлардың үлесі тым үлкен.
Дәрі-дәрмек бағасы
Дәрі-дәрмектің бағасы Қазақстанда мемлекет тарапынан реттеледі. Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің шекті бағасын белгілейді, бұл олардың қымбаттауына жол бермеуге бағытталған. Дегенмен кейбір жағдайларда дәрі-дәрмек бағасы аймақтар бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір өңірлерде бір дәрі түрі бойынша баға 30%-ға дейінгі айырмашылық бар. Бағаға басты әсер ететін фактор жеткізу шығыны мен логистикалық қиындықтар.