Қазақстандағы Италия елшісі Марко Альберти еліміздің қай туристік аймақтарына барғанды жақсы көретінін атап өтті. Бұл туралы ол Kazakh Tourism-нің Born Bold. Travel Boldcast подкасында айтты.
Kazakh Tourism төрағасы Қайрат Сәдуақасовтың подкастына келіп, Қазақстандағы ең сүйікті үш туристік бағытын атап өтті. Елші Маңғыстауды, Алматы облысындағы Көлсай, Қайыңды мен Үлкен Алматы көлін және Шығыз Қазақстандағы Алтай тауларын жақсы көреді екен.
Алматы маңындағы шатқалға балаларын ертіп барып, жаңа қонақүйде демалғанын айтты.
«Шығыс Қазақстанға сапарым тауларға жасаған ең жақсы саяхаттарымның бірі болды. Табиғатпен нағыз байланыс тәжірибесі – өте сирек кездесетін нәрсе. Италияда да шынайы тыныштықты табу өте қиын. Шынайы жалғыздық тәжірибесі… Балаларымды каньонға алып бардым. Біз жаңа қонақүйде түнедік, кейін бірнеше сағат бойы далада болып, аспанға қарап отырдық. Каньон ортасында жұлдызды аспанды көру – ерекше тәжірибе», – деп бөлісті Марко Альберти.
Born Bold. Travel Boldcast подкасы – қазақстандық туризм жайлы ағылшын тілді жоба.