Спортшыларға жеңісі үшін төленетін сыйақы көбейе ме?

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Спортшыларға жеңісі үшін төленетін сыйақы көбейе ме? /коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі спортшылардың жетістіктері үшін төленетін үстемақылардың жаңа жүйесін енгізуді ұсынды. Жоба Ашық НҚА порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, қазіргі таңда спортшы бір жыл ішінде бірнеше жоғары нәтиже көрсетсе де, тек ең жоғарғы жетістігі үшін ғана қосымша ақы алады. Алайда, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлері үшін бұл қағиданы өзгерту ұсынылды.

Жаңа ережелер не ұсынады?

Жобада көрсетілгендей, егер спортшы бір жылда әртүрлі спорттық санат бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізсе, оның әрбір санатындағы ең жоғары көрсеткіші үшін бөлек үстемақы тағайындалады:

«Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлері бойынша бір жыл ішінде әртүрлі санаттарда жоғары нәтиже көрсеткен жағдайда, әр санат бойынша ең жоғарғы көрсеткіш үшін бөлек үстемақы төленеді», — делінген құжатта.

Олимпиадалық емес спорт түрлеріне өзгерістер қарастырылмаған. Яғни, спортшыға тек бір ғана ең жоғары жетістігі үшін үстемақы төленеді. Егер спортшы бірдей дәрежелі жарыстарда бірдей нәтижелерге қол жеткізсе, үстемақы тек бір нәтижесі үшін беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз