Неке сақиналары қымбаттаған. Зергерлік бұйымдардың бағасы бір айда 6%-ға өсіп, рекордтық көрсеткішке жетті

Жарияланды
зергерлік бұйымдар
Зергерлік бұйымдар ішінде неке сақиналарының бағасы қатты қымбаттаған / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2022 жылдан бері зергерлік бұйымдар бағасы рекордтық қарқынмен өскен. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

Бюро мәліметінше, қазан айынан бері зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы 6%-ға қымбаттаған. Бұл – 2022 жылдың наурыз айындағы жағдаймен салыстырғанда айтралықтай жоғары. Ол кезде валюта нарығында құбылмалы жағдай орнаған болатын.

Жалпы зергерлік бұйымдардың құны айырбас бағамы нарығындағы құбылмалылыққа сезімтал келеді. Мәселен, 2022 жылдың наурызынан бөлек, 2015 жылы да әшекей бұйымдардың бағасына валюта нарығындағы жағдай қатты әсер еткен болатын.

Бір қызығы, әр өңірде бағалар әртүрлі. Атап айтқанда, Түркістан облысында баға бірден +16,5%-ға қымбаттап кеткен. Бұл 2018 жылдан бергі үлкен құбылыс саналады. Одан кейінгі орында Қызылорда облысы тұр. Бұл өңірдегі бағалар 2015 жылдың қазан айынан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, +13,2%-ға өскен.

Әшекей бұйымдарының ішінде неке сақиналары қатты қымбаттаған. Неке жүзіктерінің бағасы бір айда +6,2%-ға көтерілген.

Жалпы зергерлік бұйымдардың бағасы 2024 жылдың басында 4,3%-ға қымбаттаған болатын. Ол кезде неке жүзігінің бағасы бір жылда 2,9%-ға артқан.

Айта кетейік, Kursivmedia редакциясы зергерлік бұйым құрамындағы алтынның үлесін қалай анықтауға болатыны жөнінде зерттеп жазған болатын. Бұл зерттеу материалымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз