Қайта сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-та туған балаларға азаматтық беруден бас тартатынын жария етті. Бұл заң АҚШ-тың Конституциясында бекітілген. Бұл түзету XIX ғасырда енгізілген. NBC News-ге берген сұхбатында Трамп оны алып тастайтынын айтты.
«Мұны біз тоқтатуымыз керек. Бұл – күлкілі жайт», – деді Трамп.
Дейтұрғанмен, болашақ АҚШ президенті Конституцияның осы нормасын қалай өзгертетінін егжейлі-тегжейлі түсіндірген жоқ. Қолынан келсе, «атқару шаралары» арқылы жасайтынын айтып қалған.
Сондай-ақ демократтармен бірге АҚШ-қа балаларымен келген заңсыз келген иммигранттарға елде қалуға мүмкіндік беретін заңды қабылдауда бірге жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді.
Десе де, кейбір сарапшылардың пікірінше, АҚШ конституциясын өзгерту – өте қиын әрі ұзақ процес. Сондықтан Трамп келесі мерзімінде бастамасын іске асырып үлгермейді. Ол үшін Конгрестің қос палатасы да мақұлдауы тиіс. Жалпы үш штат болса, соның екеуі бекітуі қажет.
Айта кететін жайт, бұл заң 1868 жылы АҚШ-тағы азаматтық соғыстан кейін, кең көлемді реформалар барысында қабылданған болатын.