Банк пен қаржы

Halyk bank акциясын сатып алғандар 104,2 млрд теңге дивиденд алды

Halyk bank акциясын сатып алғандар 104,2 млрд теңге дивиденд алды/ фото: kursiv.media

Halyk bank АҚ акционерлері 2023 жылдағы қарапайым акциялар бойынша төлем жасады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған есептен белгілі болды.

2024 жылы 9 желтоқсанда өткен кезектен тыс акционерлер жиынында банктің 2023 жылдағы қарапайым акциялары бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданған. Әр акция құны 9,57 теңге деп бағаланды, дивидендтерді төлеу 12 желтоқсаннан басталады.

Жалпы акционерлерге 104,2 млрд теңге төленеді.

Бұған дейін Halyk bank екінші деңгейлі банктер арасында алғашқы болып жасыл облигацияларды сатылымға шығарған еді. Нәтижесінде банк нарықтан 20 млрд теңге тартты. Құнды қағаздар 1,25% жылдық мөлшерлемемен сатылымға шығарылды.