ЕАЭО арасында орташа жалақы көлемі жөнінен бірінші орында Ресей. Ел азаматтары орта есеппен 418 545 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның есебінен белгілі болды.
2024 жылы Қазақстандағы орта есептегі номиналды жалақы көлемі өсіп, 390 328 теңгені құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 11,3%-ға көбейген. Осы көрсеткішпен Ресейден кейінгі екінші орынға жайғасты.
ЕАЭО елдері арасындағы үшінші орында – Армения, елдегі орташа жалақы көлемі – 325 879 тг. Ең аз жалақы Қырғызстанда тіркелген, елдегі орташа жалақы – 188 374 тг.
Бірақ инфляцияға байланысты жалақының өсімін есептегенде, жағдай өзгереді. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы есеп бойынша, бірінші орынға Беларусь шықты, елдегі жалақы 13%-ға өскен. Ресей 9% көрсеткішпен үшінші орында. Қырғызстан жалақы деңгейі 6,7%, Арменияда 6,6%-ға өскен. Қазақстан бұл жағынан ең соңғы орында, бір жыл ішінде еңбекақы көлемі тек 2,9%-ға өскен.
Ел үкіметі 2029 жылға дейін елдегі орташа жалақы 573 мың теңгені құрайды деп жоспарланған еді. Бұл туралы Қазақстанның 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық болжамында жазылған. Оған сенсек орташа жалақы
2024 жылы – 396 мың теңге
2025 жылы – 431,6 мың теңге
2026 жылы – 466,9 мың теңге
2027 жылы – 500,7 мың теңге
2028 жылы – 536,3 мың теңге
2029 жылы – 573,7 мың теңге болуы керек.