Ақтөбе облысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы өз-өзіне қол жұмсады
Жарияланды
(жаңартылды )
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тағы да суицид оқиғасы болды. Әскери қызметкер өз өмірімен қош айтысты. Бұл жөнінде Kazinform жазды.
— Биылғы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы қызмет орнында өз-өзіне қол жұмсады. Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаның әскери қызметке қатысы жоқ. Себептері мен мән-жайы анықталуда. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан шекара қызметінің мерзімді әскери қызметшісінің қаза тапқаны хабарланған болатын.