Астанадағы кофехана қазақ тіліне қатысты жанжалдан кейін жабылып қалды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Елордада қазақша қызмет көрсетпеген кофехана жабылып қалды/ 2gis.kz, бильд-редактор: Артур Алескеров

Әлеуметтік желі қолданушылары Астанада Qazaq coffee кофеханасында болған жанжалдың мән-жайын талқылап жатыр. Мекемеге келушілердің бірі 2GIS-ке қазақ тіліндегі ас мәзірінің жоқтығын айтып шағымданған. Бұған жауап ретінде Qazaq coffee әкімшілігі қызметкерлерге қазақша сөйлеу талап етілмейтінін айтып, тұтынушыға бет бақтырмаған. Ғаламторда нысан әкімшілігіне риза болмағандар, жағымсыз пікірлерді жаудырды.

Астаналық Қайрат Ибраев 2GIS қосымшасында кофехана туралы пікір жазды. Ер адам Qazaq Coffee қызметкерлері оған қазақ тіліндегі ас мәзірін бермегенін хабарлады.

Кофехана иесінің жауабы көпшіліктің наразылығын тудырды. Әкімшіліктің жауабында олардың қызметкерлерінен қазақ тілін білу талап етілмейтіні, елдегі мекемелердегі барлық құжаттама «50/50 қазақ және орыс тілдерінде» жүргізілетіні айтылған.

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары 2GIS жүйесінде Qazaq Coffee туралы жағымсыз пікірлер жаза бастады. Қазір 15 мыңнан астам пікір бар, ал мекеменің рейтингі 1,2 жұлдызға дейін төмендеді. Кофехана әкімшілігі Instagram желісінде кешірім сұрап, кейін оның аккаунтын мүлдем жойды.

Бұған дейін Қазақстанда 16 мен 24 жас аралығындағы тұрғындар қазақ тіліндегі жаңалықтар мен іскерлік контенттің жетекші тұтынушыларына айналып келе жатқаны мәлім болды.

Сондай-ақ оқыңыз