Сириядағы жағдайға байланысты Еуропа елдері босқындарға тәртіпті күшейтуде. DW басылымының жазуынша, Германияның көші-қон органдары сириялық азаматтардың баспана сұраған өтініштерін қарауды уақытша тоқтатты. Аустрия репатриация және депортация бағдарламасын дайындап жатыр.
Қазіргі уақытта Германия аумағында тұрып жатқан сириялықтар үшін де қиынға соғады. Олардың босқын мәртебесі одан әрі мойындалмайтын болса, ел аумағынан шығып кетулеріне тура келеді.
Неміс жерінде 974 мыңнан астам Сирия азаматы тұрып жатыр.
Голландия да шекараны шегендеп жатыр. Бельгия мен Германиядан келетін мигранттар көшкініне тосқауыл қоюға дайындалуда.
Аустрия босқындардың берген 7300 өтінімін әзірше қараудан бас тартып отыр. Билік сириялық азаматтарды тіпті елден шығаруға қамдануда.
Айта кетейік, Сирияда Асад режимі құлады. Сирияның экс-Президенті Мәскеуді паналап отыр. Қазіргі уақытта билікті «Хайат Тахрир аш-Шам» тобы қолға алған. Бұл топты бірқатар мемлекет террористік топ деп таныған.