Қаржы пирамидалары қазақстандықтарға 20 млрд теңге шығын келтірді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Агенттік қаржы пирамидалары бойынша 68 қылмыстық істі тергеуді аяқтады / Коллаж: kursiv.media архиві

Қазақстандықтар жыл басынан бері қаржы пирамидаларына 20 млрд теңге ақша құйған. Оның тек 13 млрд теңгесі қайтарылды. Мұндай мәліметті Қаржы мониторинг агенттігі келтірді.

Агенттік қаржы пирамидалары бойынша 68 қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Осы деректер негізінде бюджетке 20 млрд теңгеден аса шығын келген.

«Жалпы биыл жыл басынан бері ғаламтор желісінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылған. Шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған»,— делінген хабарламада.

ҚМА жыл басынан бері қаржы пирамидасының белгісі бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемесін бұғаттаған. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және өз ақшаларын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауды ескертті.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде 60 млн теңгеге жуық шығын келтірген қаржы пирамида ұйыдастырушылары сотталған еді. ҚМА мәліметінше, қаржы пирамида ұйымдастырушылары өздерін Қазақстанда ресми тіркелген халықаралық инвестициялық компания өкілдері ретінде таныстырып, Ақтөбеде презентациялар өткізген. 

Сондай-ақ оқыңыз