«Самұрық-Қазына» қоры 13 млрд теңгеге «Қазақстан темір жолы» компаниясының облигацияларын сатып алады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

«Қазақстан темір жолы» компаниясының жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» қоры жалпы сомасы 13,3 млрд теңгеге теміржол операторының 1 мың акциясын сатып алады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы хабарламада жазылған.

«Қазақстан темір жолы «ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 03 желтоқсанындағы шешімімен: жалғыз акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру арқылы бір акция үшін 1 000 теңгеден 13 272 667 қарапайым акция орналастырылсын», – делінген хабарламада.

Тиісті шешімді 3 желтоқсанда ұлттық компанияның директорлар кеңесі қабылдаған. 1 қазандағы жағдай бойынша ҚТЖ акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазынаға» тиесілі. Қордың жалғыз акционері – Қазақстан үкіметі. Жарияланған қарапайым акциялардың саны – 502 млн, ал шығарылған акциялар саны – 496,7 млн. Таза пайдасы 80 млрд теңгені құрайды.

Қаржы есебіне сәйкес, ҚТЖ-ның жарғылық капиталы 1,11 трлн теңгені, меншікті капиталы – 1,874 трлн теңгені, жалпы активтері – 5,527 трлн теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз