Депутат Закиржан Кузиевке тиесілі Жаркент крахмал-сірне зауыты 2,5 млрд теңге кредит алды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Закиржан Кузиев
Фото: ҚДБ баспасөз қызметі

Депутат Закиржан Кузиевке тиесілі Жаркент крахмал-сірне зауыты «Қазақстанның Даму Банкінен» (ҚДБ) 2,5 млрд теңге кредит алды. Бұл қаржыны кәсіпорын экспортты дамыту және өнім ассортиментін кеңейтуге жұмсамақ. Осының нәтижесінде өнім экспорты үлесін 50%-ға дейін арттыру жоспарланған.

«Жаркент крахмал–сірне зауыты» жүгері крахмалы, сірне және глюкоза-фруктоза шәрбатын шығарады. Қазіргі кезде зауыт өндіретін өнімнің 45%-ы Түркия, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстанға экспортталады.

ҚДБ басқарушы директоры Қасым Мұханбетовтің айтуынша, зауытты «экспорт алдындағы қаржыландыру ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді ұлғайтуға және отандық өнімнің халықаралық нарықтарға шығу ауқымын кеңейтуге ықпал етеді».

Крахмал-сірне зауытының негізі 2005 жылы қаланған. Жалғыз құрылтайшысы – Закиржан Кузиев. Алматы облысындағы ірі кәсіпорын 2015 жылдан бері 4 млрд теңгеге жуық салық төлеген. 2023 жылы төлеген салығы 933,5 млн теңгені құраған.

Закиржан Кузиев 2022-2023 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды. Ал 2023 жылдың 25 ақпанынан – Сенат депутаты.

Сондай-ақ оқыңыз