Қырғызстан премьер-министрі Дүниежүзілік банктің бас экономисімен дауласқан
Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Дүниежүзілік банктің бас экономисі Аслы Демиргюч-Кунтпен дауласқан.
KaktusMedia ақпаратына сүйенсек, Дүниежүзілік банк жиынында «Қырғыз Республикасы бойынша» болжамды тыңдаған. Оны министрлік кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровқа таныстырған.
Тыңдалым барысында Жапаров Дүниежүзілік Банктің бас экономисімен дауласқан. Бұл туралы ол банктің Қырғызстандағы өкілдігінің басшысы Хью Ридделлмен тілдескен.
«Дүниежүзілік Банктің көктемгі сессияларының бірінде Вашингтонда болғанымда, ДБ бас экономисі екеуміз алдағы 3-4 жылда Қырғызстандағы экономикалық өсім тұрақты және 7% жоғары болады деп дауластық. Ол бұл мүмкін емес деп айтты. Қазір 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қырғызстанның ЖІӨ өсімі 9% құрағанын көріп отырмыз», – деді Ақылбек Жапаров.
Сондай-ақ министрлер кабинетінің басшысы ел экономикасының негізгі бюджет құраушы салаларын реттеу бойынша шаралар қабылдағанын атап өтті.
Зерттеу нәтижелеріне түсініктеме бере отырып, Ақылбек Жапаров мұндай объективті бағалау жолды дұрыс таңдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Президент пен оның командасы жүргізіп жатқан реформалардың бір ғана мақсаты бар – халқымыздың әл-ауқатын арттыру. Жақсы сабақ болатын нәрселер бар, кейбір жерлерде тоқырау бар. Үкімет мұқият назар аударуы керек сигналдар бар. Бірақ жалпы алғанда, баға оң», – деді Ақылбек Жапаров.
Дүниежүзілік банк ақпаратына сүйенсек, 5,8% өсетін Қырғызстан экономикасы алдағы жылдары 4,5% өсім көрсетуі ықтимал.