Украина президенті Владимир Зеленский елдегі мобилизация жасын 18-ге дейін төмендетуге қарсылық білдірді.
«Украина Үкіметімен елдің шығысындағы қауіпсіздік жағдайы туралы әңгімелестік. Егер олар күреске қатысу үшін қосымша күш берсе, біз одақтастарымызбен бірге осы күштерді жабдықтауға және оларды ұрысқа қатысуға үйретуге дайын боламыз», – деді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер.
Мәлімдеме кезінде АҚШ-тың Украинадағы мобилизация жасын 18 жасқа дейін төмендетуге шақырғаны туралы да айтты. Оның осы ұсынысына Зеленский әлеуметтік желіде жауап берді.
«Украинадағы әскерге шақыру жасын төмендету емес, зымырандарды жеткізу және Ресейдің әскери әлеуетін төмендету басымдыққа ие болуы керек. Мақсат қоймаларда қаруды сақтау емес, мүмкіндігінше көп адамның өмірін сақтау болуы керек», – деп жауап берді Украина президенті.
Ол өз жазбасында Париждегі АҚШ-тың жаңа президент Дональд Трамп пен Франция президенті Эммануель Макронмен кездесуі туралы да жаза кеткен.
«Американың басқалар қол жеткізе алмайтын керемет нәтижеге қол жеткізе алатынын білеміз. Соғысты сәтті тоқтату үшін бізге бірлік — Американың, Еуропаның және қауіпсіздікті бағалайтын әлемдегі барлық адамдардың бірлігі, сондай-ақ бейбітшілік ұстанымдары мен кепілдік қажет», – деп жазды ол.
Айта кетейік, Украинадағы мобилизация жасын төмендету туралы осыған дейін The Washington Post жазған.