Өткен аптада ең көп касса жинаған фильмдер қатарында «Моана» көш бастап, өз орнын сақтап қалды. Ticketon мәліметінше, фильм екінші апта қатарынан үздік нәтиже көрсеткенімен, кассалық табысы сәл төмендеді.
Көшбасшы фильмдер:
- «Моана» — 570 млн теңге (алдыңғы аптада 718 104 231)
- «Таптым-ау сені» — 326 млн теңге (алдыңғы аптада 579 277 378)
- «Гладиатор» — 60 млн теңге (алдыңғы аптада 98 424 695)
«Моана» қазақстандық көрермендер арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, алдыңғы аптамен салыстырғанда аз касса жинаса да, өзінің көшбасшылық орнын сақтап отыр.
Жаңа фильмдер табысы төмен болды
Бұл аптада жаңадан шыққан фильмдердің табысы салыстырмалы түрде төмен. Соның ішінде: «2000 жылдар, Стремяги» фильмі алғашқы аптасында 30 млн теңге жинаса, ресейлік мультфильм «Маша мен аю» — небәрі 15 млн теңге жинады.
Еске сала кетейік, Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» киносы қазақстандық көрермендердің сүйікті фильмдерінің бірі ретінде танылып үлгерген. Фильмнің алғашқы туындысы былтыр голливудтық «Аватар су жолы» фильмін басып озып, кассалық табысы 1,54 млрд теңгеге жетіп, рекорд орнатқан еді.