Заңсыз активтер есебінен қорға 26 млрд теңге аударылды

Жарияланды (жаңартылды )
Hyundai Solar Батыс Қазақстан облысына 81 млрд теңге инвестиция құяды
Мемлекетке заңсыз активтерді қайтарудан 26 млрд теңге пайда түсті / shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазіргі уақытта заңсыз активтерді қайтару жұмысы белсенді жүргізілуде. Соның нәтижесінде Алматы қаласындағы бизнес-нысан 6 млрд теңгеге сатылған.

Бас прокуратура субъектілерден 26 млрд теңге қаражат түскенін хабарлады. Бұл бағытта нақты жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде жиналған қаражат 220 млрд теңгеден асқан.

Қазан айында құны 177 млрд теңге болатын активтер мемлекетке қайтырлғаны мәлім болды. Активтер есебінде ғимарат, пәтер, автокөлік және басқа нысандар болған.

Осы активтерді сатудан мемлекетке пайда еселенуде. Мәселен, Алматы қаласындағы жер телімі төрт есе қымбат бағаға өткен. Қаржы-қаражат елдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

Сондай-ақ оқыңыз