Ақтөбеде жаңа баспана бағасы өсті

Жарияланды (жаңартылды )
Ақтөбеде үйлер қымбаттады/фото: kursiv.media

Қараша айының қорытындысы бойынша бір жылда жаңа баспана мен қолданыста болған үй бағасы 3,4%-ға өсті. Бұл жөнінде ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жария етті.

Жөндеуден өткен үйлер де қымбаттады. Ақтөбе, Көкшетау, Тараз қалаларында жаңадан салынған баспана бағасы шарықтады. Үйді жалға беру құны Оралда күрт өсті (24,2%). Одан кейін Шымкент (24,1%) пен Талдықорғанда (20,8%) жалға алу қымбаттаған.

Үйді сатып алу-сату бойынша 39,4 мың мәміле есепке алынды. Қазан айымен салыстырғанда, Павлодар мен Түркістанда үй саудасы айтарлықтай қызған.

«Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+15,7%), Батыс Қазақстан (+9,5%) және Маңғыстау (+7,9%) облыстарында байқалды», – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Әсіресе, нарықта екі бөлмелі пәтерлер өтімді екенін байқалады. Алматы облысында жер үйлер жиі саудаға түседі.

Сондай-ақ оқыңыз