Жаңалықтар

«Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ» – Шерзаттың ағасына қатысты сараптама қорытындысы жарияланды

Эксперты озвучили причину смерти дяди Шерзата Болата в Талгаре
Шерзаттың ағасының өліміне қатысты сараптама қорытындысы жарияланды/ фото: kursiv.media

Талғардағы атышулы іс қайғылы оқиғаларға ұласуда. Қыршынынан қиылған Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев суицид жасады. Шерзаттың әкесі Қаржаубай оның өлімі қолдан ұйымдастырылған деп күдіктенетінін ашық айтты. Жаназа өткен соң ашына сөйлеген Қаржаубайды полиция ұстап алып кетті.

10 желтоқсанда Алматы облысының полиция департаменті Ғайыпбаевқа қатысты сараптама қорытындысын жария етті.

«Сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия нәтижесінде болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ», – деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция мамандары дене жарақатынан суицид болғанын анық білуге болады деген қорытынды жасаған. Мойнында жіптің ізі айқын көрінетіні жазылған.

«Барлық белгілер суицидті көрсетеді, мойынындағы зақымдану сипаты мұндай жағдайларға тән. Мастоидтық процестің және желке мен құлақ аймағындағы абразияға ұқсас іздер үйкеліс пен пайда болуы мүмкін», – деп мәлімдеді департамент.

Оған қоса құқық қорғау органдары тергеу жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлап, көпшілікті ресми дереккөздердегі ақпаратқа сенуге шақырды.