Жаңалықтар

Ресейде «Талибанға» тыйым салуды алып тастау туралы заң жобасын Дума бірден мақұлдады

Ресей «Талибанға» қатысты шектеуді алып тастамақ / фото: ecosociety.ru

Ресей «Талибанға» қатысты шектеуді алып тастамақ. Мемлекеттік Дума осындай ұйымдарға қатысты заң жобасын қабылдады.

«Интрефакстің» жазуынша, депутаттар заң бабын өзгерткісі келеді. Енді сот шешімімен кейбір қауіпті ұйымды ресми тізімнен уақыша алып тастауы мүмкін. Ол үшін сол ұйымның лаңкестікті насихаттамайтыны дәлелденуі керек. Сот органы Ресей Федерациясының Бас прокурорының немесе оның орынбасарының өтінішін қарастыра отырып, шешім қабылдайды.

Мұндай тетік Ресей заңнамасында болмаған. Егер жаңа заң жобасы күшіне енсе, кейбір террорлық ұйымдар әрекетіне құқықтық тұрғыдан қайтадан баға берілуі мүмкін.

Қазақстанда да «Талибан» қозғалысына тыйым салынған еді. 2023 жылдың желтоқсан айында тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарылды. Сыртқы істер министрлігі мұның БҰҰ қарарына сәйкес келетінін, Ауғанстандағы билікпен дипломатиялық қарым-қатынас орнату үшін маңызды шешім екенін хабарлаған.