Сирияда уақытша үкімет басшысы тағайындалды. Премьер-министр Мұхаммед әл-Баширдің «Хаят Тахрир әш-Шам» жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Джуланидің жақын серігі екені белгілі болды деп жазды DW басылымы Reuters агентігіне сілтеме жасап.
10 желтоқсанда әл-Башир Сириядағы мемлекеттік телеарна арқылы 2025 жылдың 1 наурызына дейін үкіметті басқаратынын мәлімдеді.
Дамаскіде әл-Башир жиын өткізді. Оған министрлермен қатар, бұрынғы Премьер-министр Мұхаммад Гази әл-Жәлали де қатысты.
Бұған дейін әл-Башир оппозициялық Құтқару үкіметінің басшысы қызметін атқарған. Бұл үкімет 2017 жылы көтерілісшілер бақылауындағы Идлиб провинциясында құрылған. Сөз сөйлеген кезде әл-Баширдің артында үш жұлдызы бар Сирияның жаңа туы көзге түскен. Сүннет бағытындағы жауынгерлер жиі айтатын куәлік сөз жазылған ақ ту ілінген.
Қараша айында елде «Хаят Тахрир әш-Шам» бастаған жасақ бас көтерді. Көтерілісшілер Сирия астанасын басып алды. Жиырма жылдан астам уақыт ел басқарған Башар Асад отбасымен Ресейге ұшып кетті.