«Астана Моторс» Қазақстанның ең ірі салық төлеушілер тізімінде 2-орынды иеленді

Жарияланды (жаңартылды )

Фото: «Астана Моторс»

Қазақстан экономикасының түрлі саласындағы кәсіпорындардың ішінде бюджетке ең көп салық төлейтін компаниялардың тізімі шықты.

Forbes Kazakhstan басылымының желтоқсан айында шыққан санында Қазақстандағы табысты ірі жеке компаниялардың рейтингі жарияланды. Тізімге биыл алғаш рет 75 компания еніп отыр.

Топ-75 компаниялардың жалпы табысы 1 трлн тенгені немесе 33 млрд АҚШ долларын құрады. Тізімдегі компаниялар былтыр ел қазынасына 1,6 трлн теңге түсірген екен.

Рейтингті құраған мекемелер негізінен өндіріс саласының өкілдері, атап айтқанда тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-газ саласында қызмет атқаратын компаниялар болды. Алайда лидерлер қатарынан құрылыс пен авторетейл салаларының  өкілдері де қалыс қалмады.

Автокөлік өнеркәсібі, авторетейл және сервистік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін «Астана моторс» компаниясы топ-75 тізімінде жалпы көрсеткіштер бойынша 4-орынға орналасты. Табыс көрсеткіші бойынша компания 973,1 млрд пайда тауып, өткен жылмен салыстырғанда 35,1% өсім көрсетіп, 9-орынға шықты.

Сонымен қатар 2023 жылға арналған Қазақстандағы ірі жеке компаниялардың рейтингін жасау кезінде Forbes Kazakhstan сарапшылары ең үздік 10 салық төлеушілер тізімін де ұсынды.

Тізімді KAZ Minerals мыс өндіруші мекемесі бастап тұр. KAZ Minerals мемлекеттік қазынаға 466,6 млрд теңге төлеген, бұл рейтингтің барлық 75 қатысушыларының жалпы сомасының үштен бірін (29%) құрайды.

Тұңғыш рет аталған тізімнің алғашқы үштігіне «Астана моторс» компаниясы кірді. Компания 2-орынды иеленіп, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. 2023 жылы компания Қазақстан бюджетіне 139,3 млрд тенге салық төлеген.

Үшінші орынды қазынаға 100,5 млрд тенге аударған «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС иеленді. Компанияның кірісі 1,3 трлн теңгені, ал таза табысы 109,7 млрд теңгені құрады. «Қазақмыс» мыс, алтын, күміс, қорғасын және селен өндіріп, көмір кеніштері мен кен байыту фабрикаларына иелік етеді. 

Бұдан бөлек тізімге сәйкесінше «Казхром» АҚ (97,4 млрд), «Каспий нефть» АҚ (72,5 млрд), Orbis Auto (63,4 млрд), BI Group (48,3 млрд), «ССГПО» АҚ (42,8 млрд), RG Gold (38,4 млрд), «Qarmet» АҚ (36,4 млрд) компаниялары кірді.

Фото: «Астана Моторс»

Ең үздік салық төлеушілер тізімін бастап тұрған өндірістік компаниялар басым бөлігі тау-кен және мұнай-газ саласында қызмет етеді. Бірақ биыл жасақталған тізімге ірі өндіруші мекемелерден бөлек құрылыс пен авторетейл салаларының  компаниялары да қосылды.

Қазіргі таңда «Астана Моторс» компаниясы автокөлік өнеркәсібі, авторетейл және сервистік қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Компания—Қазақстан бойынша Hyundai, Subaru, BMW, MINI, Motorrad, Jaguar Land Rover, Haval, TANK, Chery, Changan, BYD, Genesis, Golden Dragon, Foton брендтерінің ресми дистрибютері,  сондай-ақ Toyota және Lexus брендтерінің ресми дилері.

Сонымен қатар «Астана Моторс» жеңіл және коммерциялық техника шығаратын Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Almaty зауыттарына иелік етеді.  Бұдан бөлек қазіргі таңда Chery, Haval, Changan автокөліктерін шығаратын ASTANA MOTORS Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытының және автокөлік компоненттерін өндіретін кәсіпорындар технопаркінің құрылысын жүріп жатыр. Айта кету керек, «Астана Моторс» компаниясының мажоритарлық акционері—белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов.

Сондай-ақ оқыңыз