Көкшетауда жедел жәрдемге жүргізушілерді бақылайтын камералар қойылып жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Көкшетауда жол ережесін бұзуды автоматты түрде тіркейтін жүйелермен жедел жәрдем көліктерін жабдықтау бойынша пилоттық жоба іске қосылды/Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Көкшетауда жүргізушілер қарсы келе жатқан жедел жәрдем көлігінен аяқ тартып жүретін болды. Өйткені абайламаса, айыппұлға ілігуі мүмкін.  

Polisia.kz мәліметінше, Көкшетауда жедел жәрдем көлігінің үстіне жол ережесін бұзуды тіркейтін камералар қойылып жатыр.

«Көкшетауда жол ережесін бұзуды автоматты түрде тіркейтін жүйелермен жедел жәрдем көліктерін жабдықтау бойынша пилоттық жоба іске қосылды», – делінген хабарламада.

Бұл жүйелер – мобильді аппараттық-бағдарламалар кешені. Жасанды интеллектімен жабдықталған. Камералары мен радарлары бар. Жол ережесін бұзуды автоматты түрде тіркеп отырады. Жылдамдықты арттыру, жол белгілерін сақтамау және көлікті дұрыс қоймауды қадағалайды. Жүйе 360 градусты қамтып, айналасын түгел түсіре алады. Жұмысына кез келген ауа райы мен қараңғы мезгіл кедергі жасай алмайды.

Полицияның пікірінше, мұндай жүйе енгізілсе, жүргізушілердің тәртібі күшейеді. Сондай-ақ жол апатын азайтуға жәрдем береді.

Сондай-ақ оқыңыз