«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры QazaqGaz ұлттық компаниясының IPО-сын кейінге қалдырмақ. Бұған дейін газ компаниясының акциялары 2025 жылы жария орналастырылады деп жоспарланған.
IPО-ны кейінге қалдыруға себеп – компания акцияларын жеке инвесторларға тартымды ету. Ал компанияның қазіргі қаржы және өндіріс көрсеткіші қойылатын талаптарға сай келмейді.
«Үкіметтің №908 қаулысына сәйкес, QazaqGaz IPO-сы 2025 жылы жоспарланған. Алайда, кез келген компанияны IPO-ға шығару үшін оның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету керек. Қазіргі және болжамды қаржы, операциялық көрсеткіштер бұл талаптарға толық жауап бермейді, сондықтан 2025 жылы IPO өткіу -тым ерте деп санаймыз », – деп жазылған қордың «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген жауабында.
QazaqGaz – «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниясы. Ол магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тауарлық газ тасымалдау, халықаралық транзитті қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы нарықтарға газ сату, құбырлар мен газ сақтау қоймаларын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдаланумен айналысады.
Компания 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында компания 141,3 млрд теңге пайда тапқан.