АҚШ Ресейдің бұғатталған активтері есебінен Киевке 20 млрд доллар қолдау көрсетеді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
обзор
АҚШ Ресей есебінен Украинаға 20 млрд доллар несие береді / Фото: shutterstock

АҚШ Қаржы министрлігі Украинаның денсаулық сақтау саласын қолдау үшін 20 млрд доллар көлемінде несие береді. Бұл қарыз Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен табыс есебінен өтелуі қажет.

АҚШ Қаржы министрлігі «Үлкен жетілік» (G7) бастамасы аясында Украинаға 20 млрд доллар бөлетінін жариялады. Несие беру туралы шешім 10 желтоқсанда қаржы бөлімінде қабылданған.

Несие Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен кірістер есебінен өтелуі керек. G7 желісі бойынша берілген қаражаттың жалпы сомасы 50 млрд долларды құрайды.

АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен бұл ақша Украинаның жедел жәрдем қызметтері мен ауруханаларын жөндеуге және қолдауға берілетінін атап өтті.

«Қаражат Вашингтонның қауіпсіздік саласындағы көмегі және Ресейге қарсы санкцияларды күшейту қадамы. Украинаның егемендігін қорғау және әділ бейбітшілікке жету жолындағы ұстанымды нығайтады. Ресей президенті Владимир Путин «батыс елдері шаршап, ақыры шегінеді» деп ойлайды», – деп атап өтті Йеллен.

Ол Украинаны қолдау Американың ұлттық мүддесін үшін өте маңызды екенін айтты. Украинаны қорғау арқылы НАТО елдеріне қауіп төнбейтінін және АҚШ-тың НАТО елдерін қорғауға міндетті екенін айтып, 1949 жылы қабылданған Вашингтон келісімін еске салды.

Айта кетейік, 2024 жылы АҚШ пен өзге де «Үлкен жетілік» елдері Украинаға соғыс зардабымен күресу үшін 50 млрд доллар несие бөлуге келіскен. Мұның 20 млрд доллары АҚШ-тан, қалған 30 млрд долларын Ұлыбритания, Жапония мен Канада елдерінің үкіметі (әрқайсысы 10 млрд доллардан) беруі қажет. Жоспар бойынша бұл қаржы санкция әсерінен бұғатталған Ресейдің батыс елдеріндегі активтерінен түскен кіріс есебінен төленуі қажет.

Сондай-ақ оқыңыз