Президент әкімшілігі келісімімен Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды
Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды / Фото: gov.kz, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Президент әкімшілігі және Саран қалалық мәслихатының келісімімен қалаға жаңа әкім тағайындалды. Қызметке осыған дейін Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарған Дарын Бұлқайыр тағайындалған.

Жаңа басшыны облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың өзі таныстырған.

«Дарын Бейбітұлы қала әкімі лауазымында оған дейін басталған жобаларды жалғастырып, аяқтайтынына және жаңаларын іске асыратынына сенімдімін, бұл жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасына және жалпы қаланың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді», – деді Бөлекпаев.

Жаңа әкім осыған дейін Қарағанды облысы әкімдігінде лауазымды қызметтер айтқарған.

Айта кетейік, Саран қаласының бұрынғы әкімі Еркін Баулықов қаланы жылыту маусымына дұрыс дайындай алмағаны үшін премьер-министр Олжас Бектеновтің шешімімен жұмыстан шығарылған. Ал Қарағанды облысының әкімі Бөлекбаевқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөгіс жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз