Қазақстанға ең төменгі орындардың бірі бұйырған ағылшын тілін білу рейтингіне отандық сарапшылар күмән келтіріп отыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан ағылшын тілі білу бойынша 103-орынды иеленді / фото: архив kursiv.media

Жақында Халықаралық EF English Proficiency Index (EF EPI) рейтиңі бойынша Қазақстан ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен елдердің қатарына енді. Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан 114 мемлекеттің ішінде 103-орынды иеленді. Алайда сарапшылардың айтуынша бұл нәтиже Қазақстан халқының жалпы көрсеткіші емес.

EF EPI рейтингі қалай анықталады?

Бұл рейтинг EF Education First компаниясы әзірлеген EF SET тесті арқылы анықталады. Тест респонденттердің ағылшын тіліндегі оқу және тыңдау қабілеттерін ғана бағалайды. Алайда жазу және сөйлеу дағдылары есепке алынбайды. Еліміздің ағылшын тілін меңгеру индексі 427-ні құрап, біз Сенегал (102-орын) және Иордания (101-орын) сияқты елдермен қатар тұрмыз. Ал көш басында Нидерланды, Норвегия және Сингапур сынды елдер.

Қазақстанның көрсеткішіне не әсер етеді?

EF EPI рейтингінде қатысушылардың орташа жасы – 26 жас болды. Бұл көрсеткіш тестен өткендердің барлығы білім беру жүйесінде 15–20 жыл бұрын оқыған ересек адамдар екенін көрсетеді. Сарапшылар сондықтан қазіргі білім беру бағдарламалары мен мектеп оқулықтарына сын айту орынсыз екенін айтады.

EDU Stream халықаралық тіл академиясының бас директоры Наталья Мұхамеджанованың айтуынша, елімізде мектеп жасындағы балалардың ағылшын деңгейі ересектерден едәуір жоғары.

«Ағылшын тілі білімін көтеру үшін мектептегі білім жүйесін кінәлай беруді доғару керек. Себебі қазіргі оқушылардың білім деңгейі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары. Бүгінгі мектеп бағдарламасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Ересек азаматтардың ағылшын тілі деңгейі төмен болуы – университет пен колледждердегі білімнің сапасыздығын көрсетеді. Ал мектептегі ағылшын тілі оқулықтары әлемнің үздік баспаларынан алынған, оқыту әдістері де тиімді.»

Сондай-ақ мамандар ағылшын тілін дамыту үшін бірнеше ұсыныс айтады:

  • Оқытушылардың біліктілігін арттыру: Педагогтердің өздері шет тілін жетік меңгеруі керек.
  • Халықаралық тәжірибені енгізу: Қазақстанның білім беру жүйесіне озық елдердің әдістерін бейімдеу.
  • Мотивацияны арттыру: Оқушылар мен студенттерді шет тілін үйренуге ынталандыру.

Сондай-ақ оқыңыз