Оңтүстік Корея полициясы елде 6 сағатқа әскери жағдай енгізген президент Юн Сок Ёлдің кеңсесіне тінту жүргізіп жатыр
Оңтүстік Корея полициясы 3 желтоқсан күні 6 сағатқа әскери жағдай енгізіп, елді дүрліктірген президент Юн Сок Ёлдің кеңсесіне тінту жүргізген. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады.
«Сәрсенбі күні полиция президент Юн Сок Ёлдің қысқаша әскери жағдай жариялауына қатысты тергеу аясында президент кеңсесінде тінту жүргізді», – деп хабарлайды агенттік.
Сонымен бірге құзырлы органдар негізгі полиция кеңсесі мен Сеул қалалық полициясының, Ұлттық ассамблея полициясы кеңселерінде тексеріс жүргізген.
Тінту кезінде кеңседе президенттің Юннің болмағаны айтылады.
Осы жағдайға байланысты полиция Оңтүстік Кореяның экс-қорғаныс министрі Ким Ён Хёнді қамауға алған болатын. Ренхап агенттігі шенеуніктің өзін өлтіруге әрекеттенгенін хабарлады. Сеулдегі тергеу изоляторына қамалған оны полиция жіті бақылауға алған. Ал жағдайы тұрақты деп бағаланады. Ол елде әскери жағдай жариялап, бүлік шығаруға тырысты деп күдіктеліп отыр.