Ресейде орыс тілін білмейтін балаларды мектепке қабылдамауы мүмкін
Мемлекеттік дума депутаттары орыс тілін нашар білетін балаларды мектепке қабылдауға тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Осы заң жобасына енгізілетін түзетуді 409 депутат қолдаса, тек біреуі ғана қарсы дауыс берген.
Коммерсантътың жазуынша, Вячеслав Володин, вице-спикер Ирина Яровая және барлық франкциялардың басшыларынан тұратын топ осындай бастама көтеріп, заң жобасын ұсынған. Құжат бірінші оқылымда қабылданды. Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володиннің айтуынша, тексеру нәтижесінде мигранттардың балаларының 41 пайызы орыс тілін білмейді не шала біледі.
Бұл заң жобасы «Білім беру туралы» заңның 78-бабына қосымша үш тармақ енгізуді қарастырады. Бірінші тармағы бойынша, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдардың балалары мектепке қабылданған кезде орыс тілінен міндетті түрде сынақ тапсырады. Екінші тармақта білім саласындағы бақылау және қадағалау атқару органына тестті ұйымдастыру өкілеттілігін беруді көздейді. Үшінші тармақ тесттен өтпеген балаларды мектепке алуға тыйым салады.