Шерзат Болаттың тағы бір туысы 15 күнге қамалды

Жарияланды
Отбасының адвокаттары аппеляциялық шағым беретіндерін айтып отыр/Фото: ашық дерек көздері

Сот үкімімен Қаржаубай Нұрымовтың Айғазы деген тағы да бір жақыны 15 күнге қамалды. Бұл жайында Шерзат Болат отбасының адвокаттары мәлімдеді.

Мұның алдында Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың өзі інісі Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасынан кейін «қоғамдық тәртіпті» бұзып, «бұзақылық жасады»  деп айыпталып, 15 тәулікке қамалған еді.

Адвокат Саида Тәуекел Қаржаубайдың ешкімге шабуыл жасамағанын, өзіне зиян келтірмек болғанын айтты. Десе де, ол полиция кетіп қалмас үшін дөңгелігіне пышақ салып, жарып тастағанын мойындап отыр.

Отбасының адвокаттары аппеляциялық шағым бермек. Сонымен қатар, Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова да «халықты митингке шақырғаны» үшін айыпталып, 15 тәулікке қамалып отыр. Жән тағы бір туысы шет елдің азаматы ретінде елден мәжбүрлі түрде кетеді.

Сондай-ақ оқыңыз