Банк пен қаржы

51 мың қазақстандық өз зейнетақы жиғанының бір бөлігін басқарушы компанияларға аударған

зейнетақы жинағы
Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін жеке компанияларға аударды. Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Биыл 51 мыңнан астам адам БЖЗҚ-дағы жинағының бір бөлігін жеке басқару компанияларына сеніп тапсырған. Бұл туралы зейнетақы қорының сайтында жарияланған есептен белгілі болды.

2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, 51 829 адам қаржысын жеке компанияларға аудару туралы сұраныс берген. Оның ішінде 45 104 салымшының өтініші қанағаттандырылып, 6 617 сұранысты қабылдаудан бас тартқан.

Ең көп қаражат 36,8 млрд теңге көлемінде Halyk Finance компаниясына берілді. Одан кейін екінші орында Jusan Invest, 11,3 млрд теңге жіберген. Салымшылар BCC Invest-ке 5,6 млрд теңге, Halyk Global Markets-ке 5,2 млрд теңгені,  «Сентрас Секьюритиз» компаниясына 1,9 млрд теңгесін сеніп тапсырған. Осының нәтижесінде  басқару компанияларына 60,8 млрд теңге аударылды.

Еске салайық, 2023 жылдың бірінші шілдесінен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50%-ын жеке инвестициялық компанияларға бере алатын болды.  2024 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша жеке зейнетақы жинақтарын басқарушы компаниялардың кірісі Ұлттық банк көрсеткішінен асып түсті.

.