FlyArystan компаниясында 1 миллиард теңгенің ұрлануына қатысты қылмыстық істі Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеуде.
«Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (Басқаның сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі мөлшерде иеленіп алу немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», – деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі ҚазТАГ редакциясының сауалына жауап бере отырып.
Бұған дейін лоукостерда әуе билетін брондауға қатысты ақпарат жүйесіне өзгерістер енгізілгені анықталды.
FlyArystan әуекомпаниясы қаражаты ұрланғанын, оны тәуелсіз аудитор анықтағанын хабарлаған еді.