Жаңалықтар

«Келешек» бағдаламасымен мемлекеттік капитал тек жыл сайын ақша салынып отырған есепшоттарға түседі

Фото: Ахтами Зиперов

«Келешек» бағдарламасымен ашылған жинаққа мемлекеттік бастапқы білім беру капиталы тек ақша салынып отырған есепшоттарға түседі. Есепшотқа жылына ең кемі 24 АЕК-ке тең ақша түсуі тиіс. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты.

2025 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге теңгеге тең. Яғни баласының болашақ білімі үшін ақша жинатын ата-ана есепшотын 2025 жылы 94 368 теңгеге толықтыруы шарт.

«Бұл ақшаны ай сайын 1 АЕК-тен немесе жинап, жыл соңында бірақ салуына болады. Егер жыл сайын толтырылмаса, мемлекет қаржысы қайтарылады», – түсіндірді вице-министр.

«Келешек» бағдарламасы 2025 жылдың 1 наурызында іске қосылады. Бүгін Сенат ерікті жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады. Бұл бағдарлама балаларға бастапқы білім беру капиталын жинауға қолдау үшін қолға алынбақ.

Мемлекет бағдарлама негізінде балалардың есепшотына 60 АЕК (235 920 теңге), ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 120 АЕК (471 840 теңге) көлемінде ақша аударылады. Мемлекеттік жылдық сыйақы 5 пайызды құрайды.