Жаңалықтар

Ресей парламентінің төрағасы Матвиенко қонақжайлық көрсеткен Тоқаевқа алғыс айтты

Ресей парламентінің төрағасы Матвиенко қонақжайлық үшін Тоқаевқа алғыс айтты
Ресей парламентінің төрағасы Матвиенко қонақжайлық үшін Тоқаевқа алғыс айтты / Фото: Ақорда, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей Федерациясы кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко қонақжайлығы үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Ақорда ақпаратына сүйенсек, ол өзі Қазақстанға парламенттік делегацияны бастап келгенін айтқан және Ресей президенті Владимир Путиннің сәлем айтқанын атап өткен.

«Ресей Президентінің Қазақстанға сапары өте табысты әрі нәтижелі болды. Ең бастысы, өзара тиімді және құрметке негізделген біздің ынтымақтастығымыздың қарқыны артып келеді. Қазақстан мен Ресей президенттерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті», – деді Матвиенко. 

Ол екі ел арасында инвестиция, тауар айналымы, өндіріс, энергетика және ауыл шаруашылығы сынды салаларда екі елдің серіктестігі нығайып келе жатқанын да айта кеткен.

Президент Тоқаевпен кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелерді талқыға салған.

«Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Жақында біздің елімізге Владимир Путин мемлекеттік сапар жасады. Бұл стратегиялық серіктестікті, екі ел арасындағы одақтастықты дамытуға тың серпін берді. Екіжақты ықпалдастықтың болашағы зор деп ойлаймын», – деді Президент.

Еске сала кетсек, бүгін, 27 қарашада Ресей башысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оны Астана әуежайынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі күтіп алды. 28 қарашада Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ сессиясы өткен еді.