Вице-министр Күлшімбаевтың ұлының үйін сарбаздарға салдырған екі командир қызметінен кетті

Жарияланды
Күлшімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша бұл командирлер куәгер ретінде тартылды/Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қарағандыда солдаттарға ұлының үйін салдырып, құрылысқа әскери бөлімнің техникасын пайдаланған вице-министр Ибрагим Күлшімбаевтың ісі бойынша тағы да екі командир қызметінен кетті.  

«Командирлердің бәрі қызметінен алынды», – деп жауап берді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Роллан Есмағанбетов.

ҚазТАГ мәліметінше, Күлшімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша бұл командирлер куәгер ретінде тартылды. Олардың бірі оған қарсы әшкерелеуші куәлік берген еді.

ТЖ департаменті сотқа жәбірленуші тараптың бірі болып қатысты. 2020 жылы күзде төтенше жағдай вице-министрі қызметіне тағайындалған Күлшімбаев Қарағанды облысындағы 52859 әскери бөліміне және ТЖД басшылығына куратор болған-ды.  

Тергеу мәліметіне қарағанда, әскери бөлімнің жеке құрамы мен автотехникасын, өрт сөндіру мен құтқару жұмыстары қызметін жеке басының пайдасына пайдаланған.  

2024 жылы Ақмола гарнизонының әскери соты Күлшімбаевты 5 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте және басқа да өкілетті органдарда жұмыс істеуге тыйым салған. Сонымен қатар генерал-майор шенінен айырған еді.

Күлшімбаев сотта кінәсін мойындаған жоқ. Сөзіне қарағанда, командирлердің бірі оған жала жапқан. «Оның өзі көмек беруді ұсынған». Әскерилер мен техниканы жібергенінен хабарсыз болған көрінеді.

Сот шешімінен кейін Күлшімбаев апелляциялық шағым беріп, өзін ақтауды өтінген. Биыл күзде үкім жеңілдетіліп, бостандығын шектеу шарасы 3 жылға қысқартылды. Оның әрекеті «билігін асыра пайдалану» деп қайта бағаланды. Материалдық шығын толық өтелген. Күлшімбаевтың үйқамақта және қамауда ұсталған уақыты жаза мерзіміне қосылып отыр.

Мұның алдында Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың бұрынғы шендінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар бергенін хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз