Жаңалықтар

Kursiv Media басылымы Air Astana компаниясының арнайы сыйлығына ие болды

Фото: Елена Темірғалиева

Air Astana компаниялары тобы ESG Awards марапаттау рәсімін өткізді. Осылайша  тұрақты даму саласындағы бастамаларына қолдау білдірген серіктестерін атап өтті.

ESG Awards марапаты алғаш рет компанияның серіктестеріне ESG қағидаттарын (экология, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару) іске асыруға қосқан үлесі үшін беріледі.

 «Біз ESG құндылықтарын ортақтасатын және оларды жүзеге асыруға көмектесетін серіктестерімізді шын жүректен мақтан тұтамыз. Бұл ESG Awards құруға негіз болды – тек марапаттар ғана емес, ESG қағидаттарын ілгерілетуге және орнықты болашақ қалыптастыруға қосқан үлесіміз үшін біздің ризашылығымыздың нышаны», – деді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер.

Марапатталған серіктестердің арасында EY Kazakhstan,  «Вита Пром»,  McNair Flight Safety Consulting Inc, JETEX, Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сараптау және аттестаттау орталығы, Almaty Catering Services тәрізді халықаралық және қазақстандық компаниялар бар. Қазақстандағы ESG зерттеулерін әзірлеуге қосқан үлесі үшін «Курсив Медиаға» да арнайы сыйлық берілді.

Жақында Air Astana қаңтар-қыркүйек аралығындағы есебін жариялаған еді. Әуе компаниясының түсімі 12,7%-ға өсіп, 459,365 млрд теңгеге жеткен.   Ең тартымды акциялар тізімінде де әуе компаниясының құнды қағаздары алғашқы ондыққа кірді.