«KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне Игорь Ильин тағайындалды. Ол – бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы. Жаңа басшыны «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров таныстырды.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Игорь Ильин «Karabatan Utility Solutions» ЖШС басқармасының төрағасы болған. Әртүрлі жылдарда «Самұрық-Энерго» АҚ, «ОАЭК» АҚ, «Қазақ мұнай ғылыми – зерттеу және жобалау институты» ЖШС-да басшылық лауазымда жұмыс істеген.
2012 жылы инженерлік қызметін ұсыну, өндіріске инновациялық әдіс енгізуден әлемдік көшбасшы Worley Parsons компаниясынан еңбек жолын бастаған. «Автоматизация және басқару» мамандығы бойынша Қазақ-Британ техникалық университетінде оқыды.
KMG PetroChem акциялары 100% «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының иелігінде. Мұнай-газ химиясы саласында жобаларды жүзеге асырады.