«Астана» мен «Челси»: елорда футболшылары қарсылас командадан жеңіліп қалды

Жарияланды 12 Желтоқсан 2024 22:35

(жаңартылды 12 Желтоқсан 2024 22:39)
Нұртай Текебаев

Нұртай Текебаев

Тілші
«Астана» мен «Челси» матчында ел командасы ойсырай жеңілді/ фото: «Астана» ФК

12 желтоқсан күні Алматы қаласында «Астана» мен «Челси» командалары алаңда кездесті. Қонақ команда алғашқы таймда басым түсті. «Челси» шабуылшысы Марк Гиу 19 минуттың ішінде екі мәрте гол салды. Одан кейін Ренату Вейга ұпайды үстемеледі. Бірінші тайм аяқталарда қазақстандық фтуболшы Марин Томасов қарсыластар қақпасына доп енгізіп, жанкүйерлерге үміт сыйлап кетті. Есеп 3:1 болды.

Екінші таймда астаналық клуб мүмкіндікті пайдалана алмады. Жеңіс «Челсиға» тиесілі.

Орталық стадионда орындықтарға мұздақ қатып, жанкүйерлер сынына қалды. Стадион әкімшілігі кешірім сұрап, нысан меңгерушісі Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылғанын хабарлады. Жалпы орталық стадион 23 804 адамға есептелінген. Екі команда тайталасын көруге 20 982 кісі жиналған.  

Мұның алдында «Челси» төрт матчтан кейін 12 ұпай жинаған. Конференциялар лигасының жалпы кестесінде көш бастады.  «Астана» төрт ұпаймен 23-орынға тұрақтаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз